Жыл кітабын оқимыз
№17 кітапханада жоғары сынып оқушылары арасында «Жыл кітабын оқимыз» атты ашық есік күні және Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Жыл таңдауындағы ақын Әбділда Тәжібаевтың, жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы қысқаша таныстырылды. жазушы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» шығармасы туралы оқ. Оқырмандар «Аңыздың ақыры» романы бойынша ел билеушісі Әмір Темір, Жорық барысы, қалың әскердің бөтен елді басып алуы, Қызыл алма, Махаббат мұнарасы, Әміршінің күйреуі сұрақтары төңірегінде ойларын ортаға салып, роман туралы ой бөлісті.







