Сыр елінің табиғаты
№2 балалар кітапханасында «Сыр елінің табиғаты» атты ауызша журнал өткізілді. 4 беттен құралған бұл журналда балалар өлкеміздің кереметте, таңғажайып табиғатымен таныса отырып, осы жасыл әлемнің қыр-сырлары туралы мәліметтер алды. Күнделікті көріп жүрген жиде ағашының емдік қасиеттері, шенгел, тораңғыл, жантақ т.б. өсімдіктер сырлары айтылып, жануарлар әлеміндегі- құлан, қарақұйрық, шағал, бірқазан, дуадақ туралы қызықты мәліметтер тыңдады. Шара соңында «Табиғат –тылсым дүние» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.








