Руханият ұлықтаған ұлағат
А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет Үйінде қалалық мәдениет және тілдерді дамту бөлімі мен орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен педагогика ғылымдарының докторы, 50 жыл білім беру ісінің барлық саласында қызмет атқарған ардақты ұстаз, жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісінің үздігі, балалар ақыны Р.Наурызбаеваның 75 жас мерейтойына арналған «Руханият ұлықтаған ұлағат» атты шығармашылық кеші болып өтті.








