Жас толқын
№ 16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «2019 – Жастар жылына» байланысты «Жас толқын» атты жыр марафоны өткізіліп, қазақ поэзиясында өз өрнегімен ерекшеленіп келген талантты жас ақындардың шығармашылығына арналды. Жас ақындар О.Қасым, Е.Қуатбекұлы, М.Асан, Б.Қарағызұлының елдікті, бірлікті, отанға, туған жерге деген сүйіспеншілікті жырлаған өлеңдерін оқырмандар мәнерлеп оқыды. Жыр марафоны кітапхана оқырманы Қалижанқызы Нұрайдың өз шығармашылығынан жазған өлеңдерімен жалғасты. Сонымен қатар, «Бүгінгі жастар – ел ертеңі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жас ақындардың шығармалары насихатталды.










