Жолдау – татулық пен тұрақтылық негізі
№20 кітапханада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Жолдау – татулық пен тұрақтылық негізі» атты ақпараттық дайджест өткізілді. Оқырмандарға Президент Жолдауында айтылған еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттары таныстырылып, ақпараттар берілді. №7 мектеп-лицей ұстазы Г. Кенжалиева Жолдауда айтылған келесі жылы данышпан тұлғалардың мерейтойларын Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және ұлы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын атап өту жас ұрпақты шынайы патриотизм рухында тәрбиелеуге септігін тигізетініне сенімін білдірді. Сондай-ақ, басқа да оқырмандар маңызды құжат жайлы өз ой-пікірлерін айтты.







