Қарттарым – асыл қазынам
№15 Талсуат ауылдық кітапханасында оқырмандар бойында халқымыздың қадір – қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлай білуге үйрету және ата – бабасын ұмытпай есте сақтап, аталы сөзден ғибрат алуға баулу мақсатында «Қарттарым – асыл қазынам» кездесу кеші ұйымдастырылып, өткізілді. Іс шараға ауыл тұрғындары, ата әжелер қауымы, «Жанұя» клубы мүшелері шақырылып, қатыстырылды. Шараның бірінші бөлімі «Ата – әжем мақтанышым» деп аталып, оқырмандар ата – әжелерінің елге жасаған жақсылықтары, қызметтері жайлы әңгімеледі. Ауыл қариялары туралы айтылып, ата әжелер қауымы таныстырылды. Екінші бөлімінде жастар қазақ ақындарының өлеңдерін мәнерлеп оқып, «Ана туралы жыр», «Асыл ана», «Қошақан» әндері шырқалды. 3 бөлімі «Мен атамның жалғасымын» деп аталып, балалар жеті аталарын айтып шықты. «Қарттарын қадірлеген қасиетті өңір» атты кітап көрмесі жасалып, әдебиеттерге шолу жасалды.







