Жолдау – жарқын болашақ бастауы
№ 16 кітапхананың ұйымдастыруымен «Қызмет көрсету және сервис» колледжі студенттері арасында «Жолдау – жарқын болашақ бастауы» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шара барысында студенттерге мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған алғашқы жолдауы таныстырылып, жолдаудағы ел дамуының негізгі он бағыты жайлы ақпарат берілді. Сонымен қатар кітап көрмесі дайындалып, жолдауда айтылған түйткілді мәселелер туралы әдебиеттер мен мерзімді басылымдар насихатталды.







