Аналар асыл жандар
А.С.Пушкин атындағы орталық кітапханада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Аналар асыл жандар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға таныстырылды. Кітап көрмесіне «Қыз - өмірдің қызғалдағы», «Ақ босаға», «Инабат» кітаптары, жасөспірімдер мен бойжеткен қыздарға арналған ақыл –кеңестер, қазақтың ақын-жазушы қыздарының шығармалары, еңбек озаттары, қоғам қайраткерлері мен өнер айталмандары туралы әдебиеттер қойылып, түрлі ақпараттар берілді.







