Тарихты зерделеудің хас шебері
№16 кітапханада № 211 орта мектептің 9 сынып оқушылары қатысуымен «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында «Тарихты зерделеудің хас шебері» атты әдеби портрет өткізілді. Шара барысында қазақ әдебиетіндегі біртуар дарын иесі, кемеңгер жазушы – Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмірі мен шығармашылығы жайлы тоқталып, оның тарихи туындыларында өткен күндердің ащы шындығын көрсету арқылы келешекке жарық сәуле түсіруге болатын өзекті ойы туралы айтылды.







