Не? Қайда? Қашан?
Қазақстан қоғамында қазіргі кезде бұрынғы ұрпақтардан айтарлықтай өзгеше, мүлдем жаңа зияткерлік тап: жаңа бағдар ұстанған, құндылық ұстанымдары ұтымды экономикалық іс-қимылдар арқылы табысқа жетуге бағытталған жастар табы қалыптасты. Соның айғағы ретінде А.С. Пушкин атындағы орталық кітапханада Абылайхан атындағы №140 қазақ орта мектебі оқушыларының қатысуымен «Не? Қайда? Қашан?» атты интелектуалдық сайыс өткізілді. Шараның мақсаты жастардың ойлау қабілеті мен қоғамға деген оң көзқарасы сондай-ақ өзара тығыз қарым-қатынас орнатуына ықпал жасау. Сайыс барысында оқушылар 2-топқа бөлініп логикалық және қызықты сұрақтарға тапқырлықпен жауап беріп тартысты ойын көрсете білді.








