Рухани келісім-басты байлығымыз
Жыл сайын 18-қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18-қазанында Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіл әлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталды. Бүгінде осы игі бастамаға еліміздің барлық аймақтарында қолдау көрсетіліп, түрлі іс – шаралар аталып өтілуде. Осы мақсатта қалалық №1 кітапханада «Рухани келісім-басты байлығымыз» атты өзге ұлт өкілдерімен кездесу кеші өткізілді. Шараға «Құдыс Ишан» мешітінің ұстазы Түлкібаев Мұхамедғани, орыс халқының өкілі Шадылова Любовь Александровна және ақын Мұхамеджан Нұрханов қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салып рухани келісім мен діни тұрақтылық мәселелері бойынша түрлі тақырыпта әңгімелер қозғады.







