Қызылордам-сүйікті қалам
№6 кітапхананың ұйымдастыруыменен №235 орта мектептің 6 сынып оқушылары арасында «Қызылордам-сүйікті қалам» атты мәнерлеп оқу сайысы өткізіліп, қазақ тілі пәні мұғалімдері О.Құрманғали, Г.Өтегенова, кітапханашы Р.Абдукаримова төрелік жасады. Сайыскерлер З. Жандос, Ұ.Кәрім, М.Біртаева, А.Нұраддин, А.Әлиакбарова, Н.Жұмағазы, Т.Төлеш ақын Ә.Тәжібаевтің «Сыр елім», С.Мәуленовтің «Қызылордам», Б.Ахметованың «Сүйем сені,Сыр елім»,М.Сыздықовтың «Сыр елі», Б.Бердіжардың «Қызылорда» өлеңдерін мәнерлеп нақышына келтіре оқыды.Сайыстың қорытындысымен 6 сынып оқушылары З.Жандос, А.Алиакбарова жүлдегер деп танылды.







