Ана-нұры елімнің
№ 3 кітапханада 8 наурыз аналар мерекесіне орай «Ана-нұры елімнің» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітаптар көрмесіне ұлы даланың ұлы қыздары, аңыз аналар, еңбек даңқын асырған аналарымыз бен қоғам қайраткерлері, өнер майталмандары туралы әдебиеттермен қатар көрнекті қаламгерлеріміздің шығармалары қойылды. Оқырмандар «Қазақстан әйелдері», «Аңыз адам», «Жұлдыздар отбасы» журналдарына қызығушылық танытып, мерзімді басылым беттеріндегі әртүрлі ақпараттармен қанықты.









