Өмірзая

№6 кітапхананың ұйымдастыруыменен Ақмешіт колледжінің 2 курс студенттері арасында Қазақстан Мемлекеттік Сыйлығының иегері жазушы, драматург Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы бойынша оқырмандар конференциясы  өткізілді.Кеңестік дәуірдегі құлдық сана мен рухтың жаншылуы турасындағы шығарма бойынша колледж студенттері А.Қуанышова,  Н.Досман, Н.Омарова, А.Бөріжан өздерін қызықтырған  романның оқиғасы  мен кейіпкерлері  туралы    сұрақтар қойып конференциясының мазмұнды болуына үлес қоса білді.Оқытушылар А.Тайлыбаева,Х.Суйналина романды қызу талқылап,оқырмандар пікірі өрбітілді.«Ұлт болмысын жаңғыртушы»атты кітап көрмесін ұйымдастырылып, жазушы шығармаларына шолу жасалды.

17 қазан 2019 ж. 1 313

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам