Сәкен шығармаларында табиғаттың жырлануы
№14 Белкөл кітапханасында қазақтың көрнекті ақыны С. Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Сәкен шығармаларында табиғаттың жырлануы» атты әдеби шолу өткізілді. Қаламгердің шығармашылық өмірбаяны, ақындық қыры туралы жан-жақты білім беру, сыршыл лирикасының табиғатын таныту мақсатындағы шара барысында кітап көрмесінен С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларынан сыр шертер шығармалар мен қатар ақынның өз шығармашылығынан табиғат тақырыбындағы өлеңдеріне шолу жасалды.








