Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі
Жастар орталығында орналасқан №19 кітапхана жастар орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында «Жаңа жолдау – басты бағдар» атты дөңгелек үстел өткізілді. Тұңғыш жолдауында Президент ел өміріндегі түйткілді мәселелердің түрлі шешімдерін ұсынды. Оқырмандарға Жолдауында айтылған еліміздің алдағы кезеңге арналған дамуының негізгі бағыттары таныстырылып, ақпараттар берілді. Білім-беру, денсаулық сақтау саласы, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру т.б мәселелер кеңінен айтылып,мерзімді басылым беттерінен шолу жасалды.









