Мәңгілік ел-ел үміті

      №17 кітапханада «Қазақстан-2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы «Мәңгілік ел» идеясының маңызын түсіндіру мақсатында бір мезетте бір тақырыпта «Мәңгілік ел-ел үміті» атты библиокеруен шарасы өткізілді. 2015 жылы Елбасы «Мәңгілік Ел» идеясын ұлттық идея ретінде халыққа үндеу ретінде жариялады. Елбасымыз халқына жолдаған жолдауында «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ. Біз үшін ортақ тағдыр-бұл Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел-жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы» деген болатын. Шара Мәдениет үйінің қызметкерлерінің орындауында «Қазақ елі» прологымен ашылып, ауылдың ардагері Қожахмет Ыдырысұлы оқырмандарға туған жер, Отан,  еліміздің тарихы жайлы тәрбиелік маңызы зор әңгіме айтып берді. №144 С. Әлжіков атындағы мектептің оқушылары Мәңгілік ел жайлы қанатты сөздер мен ақын-жазушылардың өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыса, Мәдениет үйінің әншілері терме, «Елім менің» әнін шырқады.


22 қазан 2019 ж. 1 043

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам