Ізгіліктің үзілмеген үрдісі

    №1 кітапхананада «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», еңбек ардагері Өтеген Қожанұлының 80-жылдық мерей тойы аясында «Ізгіліктің үзілмеген үрдісі» атты кездесу кеші және  «Аманат» кітабының тұсау кесері өткізілді. Шараға Тасбөгет кентінің әкімінің орынбасары Ж.С.Байқадамов, Тасбөгет кенті ардагерлер ұйымының төрағасы Р.Молдашұлы, ақын М.Нұрханов, «ҚР Құрметті автокөлікшісі», «Еңбек ардагері»  медалінің иегері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Кәсіпкер келбеті» газеті және «Кәсіпкер және мәдениет» журналының бас редакторы Ж.И.Таңрықбаев  және әріптесі «Денсаулық сақтау ісінің үздіг», балалар хирургі Т.Шегенбаев  қатысты.  Кеш кейіпкерлері  адал еңбек етудің  маңыздылығы мен өмірдегі мәні туралы келелі әңгімелер айтты. Шара барысында кітапхананың белсенді оқырмандары ақындардың өлеңдерін оқып, мәдениет үйінің қызметкерлері бірнеше ән орындады. 
 
23 қазан 2019 ж. 946

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам