Ұлттым деп соққан ұлы жүрек
№5, №7 кітапханалардың ұйымдастыруымен қазақтың біртуар азаматы, ақын, жазушы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына орай «Ұлттым деп соққан ұлы жүрек» атты жыр кеші өткізілді. Шараға №138 Абай атындағы, №179 А.Хангельдин атындағы орта мектептің 6-9 сынып оқушылары, мектеп кітапханашылары қатысты. Шара барысында А.Бабаомар, Д.Әлшер, С.Серәлі, Е.Хайролла, Ш.Хакім, К.Сәдуақас, Ж.Аманжол, Жания ақынның «Көкшетау», «Оқжетпес», «Анаға хат», «Ананың жауабы», «Сыр сандық» атты поэмаларымен өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқыды. «Дүлдүл ақын-Дүлдүл жыр» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, библиографиялық шолу жасалынды.







