Жол тәртібін білейік!
№19 кітапханада «Жол тәртібін білейік!» атты таным сағаты №198 мектептің оқушылары арасында өткізілді. Оқырмандарға көшеде жүру тәртібі кеңінен айтылып, бағдаршам туралы түсінік берілді. Сонымен қатар оқушылар жол ережесі, белгілері туралы тақпақтар айтып, қызықты көріністер көрсетті. Викториналық сұрақтарға, жол белгілері туралы жұмбақтарға жауап беріп тапқырлық пен белсенділік көрсете білді.








