Мені қоршаған әлем

    №1 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен №11 мектеп – лицейінің 9  сынып оқушылары  арасында  «Мені қоршаған әлем»  атты  шешілмеген  құпиялар  кеші өткізіліп,  жас оқырмандар  табиғаттың тылсым күштері,  бүкіл әлемдегі тіршіліктің төрт құдіреті күн, ауа, жер, су  туралы  қызықты мәліметтермен қанықты. Шараға  мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Файзуллаева Нұргүл, сынып жетекшісі Кайымова Айгүл,  «Биология» пәнінің оқытушысы Бермағанбетова Эльмира қатысып қоршаған ортаны қорғау,  табиғат тамашалары туралы әңгімелер айтып, қызықты оқиғалармен бөлісті.  Шара барысында табиғатқа байланысты мақал - мәтелдер мен жұмбақтар жасырылып оқырмандардың ой өрісін жетілдіретін викториналық сұрақтар  қойылды.  
24 қазан 2019 ж. 1 342

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам