Жолдау –жаңғырудың жаңа кезеңі
№6 кітапхананың ұйымдастыруымен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау мақсатында С.Ысқақов атындағы Құрылыс және бизнес колледжінің 3 курс студенттерінің қатысуымен «Жолдау –жаңғырудың жаңа кезеңі» атты ақпарат сағаты өткізілді. Жолдаудың басым бағыттарымен таныстырылып, білім-беру, денсаулық сақтау саласы, мәдениет қызметкерлерінің мәртебесін көтеру т.б мәселелер кеңінен айтылып,мерзімді басылым беттеріне шолу жасалды.







