Кітапханаға кел балақай!
№13 балалар кітапханасында балалардың кітапқа деген қызығушылын тудыру, рухани жағынан байыту, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында «Кітапханаға, кел балақай» атты ашық есік күні өткізілді.Балаларға кітаптың шығу тарихы туралы айтылып, қызықты кітаптардағы ғажайып оқиғалармен танысты. «Менің Отаным Қазақстан», «Кітап, досым ақылшым», «Кітап сырлы әлем», «Табиғатым тал бесігім» атты кітап көрмелерімен танысып, Әлемнің жеті кереметі жайлы, нақыл сөздер және де «Сен білесің бе?» атты энциклопедия кітаптарды қызыға оқыды. Балалармен «Дәстүр» атты сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, мақал мәтелдер айтылып, жұмбақтар шешілді. «Ертегілер әлемінде» атты кітап макетіндегі ертегі кейіпкелерімен танысып, «Бауырсақ», «Шалқан», «Алдар көсе мен Дымбілмес» ертегілері дауыстап оқылды.







