Аңшылық- жігіттің көркем болмысы
№14 Белкөл кітапханасында 24 қазан күні «Аңшылық- жігіттің көркем болмысы» атты танымдық сағаты мектеп оқушылары арасында өткізілді. Аңшылық өнерді Ақан сері, Сегіз сері, Абай тағы басқа халқымыздың зиялылары өте жоғары бағалаған. С.Мұқановтың, М.Әуезовтың, С.Жүнісовтың, Қ.Тәукеновтың және басқа жазушылар шығармаларында аңшылық өнердің қилы-қилы қызықтары мен құпиялары кең суреттелгені және аңшылыққа жастарды баулу, үйрету – ата кәсібі мен салтының асыл қазынасын толықтыра түсу екені айтылды. Аңшылыққа қатысты айтылған мақал-мәтелдер, тиымдар мен ырымдар шараны толықтыра түсті.
Мақсаты: көшпелі қазақтың дәстұрлі құндылығы ,жеті қазынасы бірі аңшылық кәсібі жайлы мол мағлұмат бере отырып, аңшылыққа саятшылыққа жастарды баулу.
Мақсаты: көшпелі қазақтың дәстұрлі құндылығы ,жеті қазынасы бірі аңшылық кәсібі жайлы мол мағлұмат бере отырып, аңшылыққа саятшылыққа жастарды баулу.







