Шұғаның белгісі
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетін қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосқан, аса көрнекті суреткер жазушы, ақын әрі драмтург Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында қалалық №1 кітапхана №11 мектеп – лицейінің, 10 «Ә» сыныбымен «Шұғаның белгісі» повесі бойынша оқырмандар конференциясын өткізді.Конец формы«Шұғаның белгісі» повесі жазушының көлемді де көркем тұңғыш туындысы.Жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма туралы, бас тақырып-әйел теңсіздігі жайлы ойларын Н.Боранбай, Д.Телеу, Ә.Базарбаева, Ж.Шәріпбай тағы басқада оқырмандар айтты. Оқырмандар конференциясын осы мектептің «Қазақ тілі және әдебиет» пәнінің жоғары санатты мұғалімі Жайықбаева Гүлмараш қортындылап, отандық құнды көркем шығармаларды оқуға шақырды.







