Әбдіжәміл әлемі
№ 16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен «Қызылорда қызмет көрсету және сервис» колледжі студенттері арасында Халық жазушысы Ә.Нұрпейісовтың 95 жылдық мерейтойына орай «Әбдіжәміл әлемі» атты слайд шолу өткізілді.Шара барысында колледждің қазақ тілі және әдебиет пәнінің оқытушылары А.Арыстанбек, А.Наурызбаева жазушының өмір жолы мен шығармашылығына кеңінен тоқталды.Студенттерге қаламгердің өмірбаяны, оқырман қауымның ыстық ықыласына бөленген алғашқы туындысы «Курляндия», әйгілі «Қан мен тер» трилогиясы, «Соңғы парыз» романдары жайлы слайд арқылы мәліметтер берілді. Шараға студенттер Л.Жолдасбаева, Н.Ибашева, Ұ.Сакен, Б.Кеңесов қойылған сұрақтарға белсене жауап беріп, жазушының шығармаларынан үзінділер оқыды.







