Аналар асыл жандар
№5 Талсуат ауылдық кітапханасында 8-наурыз мерекесіне орай «Аналар асыл жандар» атты кездесу кеші өткізіліп, аяулы аналарға құрмет көрсетілді. «Әйел-өмір тірегі» атты кең көлемді кітап көрмесі бойынша қазақтың қаһарман қыздары мен қоғам, өнер, қайраткерлері, еңбек адамдары жайлы әдебиеттермен қатар қазақ ақын-жазушы қыздардың шығармаларымен тұрмысқа қажетті ақыл-кеңестер мен мерзімді басылымдар қойылып таныстырылды. Жас оқырмандар аналарға арнап жатқа өлеңдер оқып, әндер шырқады.









