Алаш мұрасы – мәңгілік

     А. С. Пушкин атындағы орталық кітапхананың «Коворкинг» білім орталығында облыстық ішкі саясат басқармасы, «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің  ұйымдастыруымен «Алаш қозғалысы идеясы және тәуелсіз Қазақстан» атты танымдық-тағылымдық  конференция  жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің,  жоғары оқу орындарының тарихшы-әдебиетші  оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, магистранттар, жас ізденушілер, қала мектептерінің мұғалімдері, студенттер және зиялы қауым өкілдері қатысуымен өткізілді. 
Шара  М. Мәметова атындағы Қызылорда жоғары педагогикалық колледж студенттерінің шеберлікпен орындауындағы «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын С. Тұрғынбекұлының жыр жолдары бойынша прологымен ашылып,  Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т. Махановтың кіріспе сөзіне жалғасты. 
Конференция жұмысын «Ұрпақтан ұрпаққа» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Божанова жүргізіп, «Алаш мұрасы – мәңгілік» атты кітап көрмесі  жасалып, бейнесюжет көрсетті.
Алаш зиялыларының қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жасаған ерен еңбектерін, ағартушылық жұмыстарын С. Әбішев, С. Тайманова, М. Аңсатова  өз баяндамаларында  ашып көрсетсе,  «Абайтану» қоғамдық бірлестігінің төрайымы А. Жолдасова, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ магистранты Б. Ахметбек сөз алып,Алаш тарихы, Алаш қозғалысы – ұлт тарихының толғақты, тағылымды кезеңі, ең алдымен өскелең ұрпағымыз үшін аса қажетті,  оқып үйрену қасиетті қадам болмақ деген оймен шараны  қорытындылады. 


    
25 қазан 2019 ж. 1 042

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам