English club
№12 кітапхана «Коворкинг» орталығында балалар мен жасөспірімдердің күзгі демалыстарын тиімді өткізу мақсатында «English club» атты тіл үйрену клубы өз жұмысын жалғастырды. Клуб мүшелері «Autumn Holidays» атты еркін форматтағы шарада караокеге қосылып ағылшынша ән салып, музыка ырғағымен би биледі. Шара қызықты өтіп жас оқырмандар ағылшын тіліндегі әдебиеттермен танысты.







