Ана-өмір шуағы
№6 кітапхана мен Ардагерлер үйінің мәдени қызметкерлерінің ұйымдастыруыменен «Зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығында» аналар мерекесіне орай «Ана-өмір шуағы» атты мерекелік кеш өткізілді. Кешті Облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Дүйсенбаев Серік Әбішұлы ашты. №6 кітапхана қызметкерлері «Әлем шуағы анадан тарайды» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, көптеген белгілі ақын-жазушылардың қызықты шығармалары, қазақ тарихындағы әйгілі әйел-тұлғалар , ұлы даланың ұлы қыздары туралы әдебиеттер қойылып оқырмандарға насихатталды. Кеш барысында мәдени қызметкерлердің , ардагарлердің орындауында бірнеше ән, күй орындалды.









