Дін ислам діңгегім
№18 кітапхананың ұйымдастыруымен Ыбырайым молда мешітінде «Дін ислам діңгегім» атты жастардың діни сауаттылықтарын ашу, түрлі ағымдарнан сақтандыру, ұлттық құндылықтарды сақтауда оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Шараның басты қонағы Ыбырайым мешітінің ұстазы Сарықұлова Асия «Дін мен дәстүр үндестігі « тақырыбында баяндама жасап, көпшіліктің көкейіндегі ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең байланысы, мемлекетімізде дәстүрлі құндылықтарды жаңғырту, исламның басты мақсаты-елдің ішкі тұрақтылығы мен мемлекет іргесінің бүтіндігін сақтауы жайлы тарқата әңгімеледі.







