Күнікейдің жазығы
№3 кітапханада «Текей батыр» атындағы колледжд студенттері мен оқытушылары арасында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ж.Аймауытовтың қазақ әйелінің трагедиялық тағдырын толғаған «Күнікейдің жазығы» повесі талданды. Хикаяттың бас кейіпкері Күнікейдің тағдыры арқылы жазушы ел өмірін, көшпелі жұртты, әлеуметтік әділетсіздікті айтып, шарасыздықтан, әрекетсіздіктен сақтандырып, ескіге қарсы күресу идеясын көтереді. Жас оқырмандар «Күнекей неден жазықты болды?», «Повесте қазақ халқының қандай салт-дәстүрлері суреттелген?»,«Қазақ аулының тұрмысы, әлеуметтік өмір көрінісі қалай суреттелген?» , «Повестің идеялық мазмұны неде?» деген сұрақтар төңірегінде пікірлерін ортаға салып, әдебиет пәнінің мұғалімі Ғ.Кәдірбаев жастар көкейіндегі сұрақтарға толықтай жауап бере отырып шараны қорытындылады.








