Аңыздың ақыры
№8 кітапханада «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы белсенді оқырмандар арасында талданды. Шара барысында романның негізгі тақырыбы, оқиғалар желісі бойынша әңгіме өрбітіліп, оқырман М.Серікбаева романның толық түсінігін айтып өз ойымен бөлісті. Сондай-ақ А.Бойбақова жарты әлемді жаулап алған Алмас ханның өмірінің соңғы айларында болған оқиғаны тіліне тиек етіп, өз ойын ортаға салды. Оқырмандар назарына виртуалды кітап көрмесі ұсынылды.







