Тіршіліктің тірегі - Ана

     8 –наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай №13 балалар кітапханасының ұйымдастыруымен «Тіршіліктің тірегі - Ана» атты мерекелік кеш және №11 мектептің 4 «г» сынып оқушылары арасында «қыз сыны» байқауы болып өтті. Бүлдіршін қыздар өз-өзін таныстырудан бастап қолөнер шеберліктері, ән айту, ас пісіру, киім үлгісін көрсету өнерлері бойынша өзара сынға түсті. Нәтижесінде Айтбек Назым бірінші орынды иеленіп алғыс хатпен марапатталды. Мерекеге көп балалы аналар, жас аналар шақырылып құрмет көрсетілді. Шара барысында оқырман балалар ана туралы ақындардың өлеңдерін оқып, әсем би билеп, ардагер аналарға арнап ең жылы сөз сөздер айтты. «Құттықтаймын ана туған күніңмен», «Ана» туралы ән» т.б өлеңдерден шашу шашты. «Мен үшін ең қымбат Ана» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.


07 наурыз 2019 ж. 1 081

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам