Мұстафа-кемел ойлы кемеңгерім

    №14 кітапхананың ұйымдастыруымен  №189 мектепте  оқушылары арасында түркі дүниесінің ұлы көшбасшысы, тәуелсіздік жаршысы Мұстафа Шоқайдың туылғанына 130 жыл толуына орай   «Мұстафа-кемел ойлы кемеңгерім» атты  танымдық кеш өткізілді. Шара барысында слайд көрсетіліп, кеш қонағы тарих пәнінің мұғалімі  Ұ.Юсупова Мұстафа Шоқайдың қоғамдық қызметі мен тәуелсіздік жолындағы қиын тағдыры жайлы әңгімелесе,  ал оқушылар  «Мұстафа туралы  қызық деректер» тақырыбымен  қайраткердің өмір жолын таныстырып  өтті. Қазақ ақындарының қоғам қайраткеріне арналған өлең жолдарын 6 сынып оқушылары мәнерлеп жатқа оқып, кіітапханашы Г.Қайырбергенова  «Ақиқат жаршысы» атты кітап көрмесін  бойынша әдебиеттерге шолу жасады. Шараны орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің әдіскері С.Асқарова қорытындылап,  белсенді оқырмандарды алғыс хатпен марапаттады. 
 
08 қараша 2019 ж. 1 064

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам