Ұлық тұтар ардақты ұл
№5 кітапханада еліміздің болашағы жолындағы күрескер, біртуар тұлға, мемлекет қайраткері, дәрігер, ғалым Санжар Жағыпарұлы Асфендияровтың туылғанына 130 жыл толуына орай «Ұлық тұтар ардақты ұл» атты танымдық сағат өткізілді. Қазақтың тұңғыш дәрігерінің өмір жолы мен медицина саласын дамытудағы қажымас еңбегі, ғылыми зерттеулері таныстырылып, көптеген мәліметтер айтылды. Шара барысында оқырмандар «Ұлы тұлға» атты тақырыптық сөре бойынша шолу жасалды.







