Соңғы парыз
А.С.Пушкин атындағы орталық қалалық кітапхана «Абылайхан» атындағы жоғары колледж студенттері қатысуымен Әбдіжәміл Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» атты романы бойынша кітап талдауын өткізді. ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Арал теңізінің экологиялық тағдырын ел тағдырымен сабақтастыра отырып 20 жыл уақыт көлемінде жазған жазушы туындысы жазылу үлгісімен де, көркемдік əлемімен де ерекше шығарма болып саналады.







