Теңге – тәуелсіздік символы
А.С.Пушкин кітапханасының ұйымдастыруымен колледжаралық «Ұлттық теңгені қалыптастыру» атты сайыс өскелең ұрпаққа Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру, ұлттық теңгеміз туралы білімдерін жетілдіру мақсатында өткізілді. Әділқазылар шешімімен сайыстың барлық кезеңінен сүрінбей өткен М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық жоғары колледжінің білім алушылары 1-ші орынды, «Болашақ» университетінің жоғары колледжінің білім алушылары 2-орынды , И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінің білім алушылары 3-орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі, Ақмешіт колледжі, Қызылорда инженерлік техникалық колледжі белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар шараға арнайы «Теңге – тәуелсіздік символы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, слайд көрсетілді.







