Абайды оқы, таңырқа
Ақжарма ауылдық №9 кітапханада «Абайды оқы, таңырқа» атты кітап көрмесі халқымыздың озық ойлы білімдары, дара туған дана перзенті Абай Құнанбаевтың шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Кітап көрмесіне ақынның өмір жолы мен шығармашылығы жайлы әдебиеттермен қатар қара сөздері, жыр жинақтары, қазақ ақын-жазушыларының арнау өлеңдері мен кітаптары қойылып, шолу жасалды.







