Әуелеп ұшқан ән өмір
Қалалық №4, №14 және №3 кітапханалардың ұйымдастыруымен республикаға еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, сазгер, әнші Бексұлтан Байкенжеевтің туылғанына 70 жыл толуына орай «Әуелеп ұшқан ән өмір» атты әдеби сазды кеш студент жастар арасында өткізілді. Ерекше дарынды, сыр өңірінің мақтанына арналған сазгер туралы естелікті М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің қызметкері О.Айтимова айтып, «Ақбаян» әнін өз нақышында орындады. Әншілер Е.Үркімбаев, А.Әбдірасыл сазгердің «Ақшолпан», «Ақгүлім», «Құда болып қайтайық», «Жеңешем» әндерін тамылжыта орындаса, кітапхана оқырманы Текей батыр атындағы колледж студенті А.Баймырза А.Сопыбековтің «Ақбаян» поэмасынан үзінді оқыды. «Әсем ән – көңіл ажары» атты кітап көрмесінен сазгердің өмірі мен шығаршылығы жайлы кітаптарға шолу жасалды.







