Жастар-мәңгілік ел болашағы
№ 17 кітапханада «Жастар-мәңгілік ел болашағы» атты әдеби қонақжай өткізіліп, шараға ауыл жастары, белсенді оқырмандар қатысты. Қызылжарма жастар бірлестігінің мүшесі Жаңалық Талғат айтулы жыл қазақстандық жастарға мол мүмкіндік сыйлап, ел келешегі үшін зор міндеттер жүктейтіндігін айтып, пікірін ортаға салды.. Ауыл жастары жастар саясаты, білім алудағы зор мүмкіндіктер, өркениетті қоғамдағы жастар белсенділігімен бәсекеге қабілеттілік төңірегінде, өз ойларын ортаға салды.









