Әуелеп ұшқан ән өмір

    №6 кітапхана  №235 мектептің 10 сынып оқушылары қатысуымен  Республикаға еңбегі сіңген мәдениет қызметкері, композитор Бексұлтан Байкенжеевтің туғанына 70 жыл толуына орай «Әуелеп ұшқан ән өмір» атты өнер сағатын  өткізді. Кеш барысында композитордың ел арасында кеңінен танымал болған «Ақшолпан», «Ақгүлім» әнінің шығу тарихы туралы видеоролик көрсетіліп, музыка пәнінің мұғалімі Идирисова Роза «Туған жер», «Сырдария» әндерін нақышына келтіре орындады. «Әнмен өрілген өмір» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,  мәліметтер айтылды. Жас оқырмандар Ф.Бақытбек, Қ.Көшкенбай, А.Қосан, Д.Шайдулла, Ө.Өтетілеу, А.Төлеу, Б.Ғалымжан, А.Нұраддин сазгерге арналған Ж.Бегманованың «Ол ән салғанда», Р.Әділбековтің «Әнші, інім–ай», Ж.Нұрлыбаеваның «Бексұлтан ағаға», Ә.Шерімбеттің «Құлағымда қап қойды екпінді әуен» атты өлеңдерін нақышына келтіре оқыды. 
   
20 қараша 2019 ж. 1 021

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам