Сыр елінің мақтанышы
№13 кітапханада Сыр елінің айтулы азаматы, белгілі әнші Бақтияр Тайлақбаевтың 60-жасқа толуына орай «Сыр елінің мақтанышы» атты өнер сағаты өткізілді. Оқырман балаларға әншінің өмір жолы, мәдениет саласында , өнерде жүрген еңбектері туралы таныстырылып, бейнероликтер арқылы әншінің орындауындағы әндер тыңдалды. Сыр елінің ешкімге үқсамайтын мақамдарын, жыр-термелерін, дастандарын наихаттай түскісі келетін әншінің «Ауылға» атты әнін кітапхана оқырманы Оспанова Ақзере орындады.







