Ақынның даналық сөздері-өнеге көздері
№14 кітапханада «Балапан» бала-бақшасы бүлдіршіндерімен Абай шығармашылығынан «Ақынның даналық сөздері-өнеге көздері » атты әдеби танымдық сағат өткізілді. Кітап көрмесі бойынша ақын шығармаларына шолу жасалып, слайд көрсетілді. Бала-бақша тәрбиешілер іргелі еңбектерінің бірі-қарасөздері мен палсафалық шығармалары жайлы пікір алмасып,өз ойларын ортаға салды. Ақынның әндері шырқалып, өлеңдерін ересек «Қызғалдақ» тобынан бүлдіршіндер жатқа айтты.







