Дертке дауа, емге шипа өсімдіктер
№20 кітапхананың ұйымдастыруымен оқырмандардың дәрілік өсімдіктер жайлы білімдерін толықтыру, таным қабілеттерін арттыру және ой-өрістерін кеңейту мақсатында «Дертке дауа, емге шипа өсімдіктер» атты танымдық сағат өткізілді. Шараға кітапхана қорында бар «Өсімдіктер әлемі» энциклопедиясы,М.Османованың «Өсімдік – жанға шипа, дертке дауа», М. Қожабековтың «Дәрілік өсімдіктер», Р. Сәтімбековтың «Өсімдіктер әлемі» атты кітаптары мен «Денсаулық» журналы пайдаланылып Қазақстан аумағында көбірек кездесетін емдік қасиеті бар алоэ, адыраспан, бүлдірген, жалбыз, алма, алмұрт, жүзім және т.б. шипалы өсімдіктер жайлы мәліметтер беріліп, ақпараттар айтылды.







