Елін сүйген елі сүйген Елбасы
№13 Балалар кітапханасының ұйымдастырумен №172 мектептің бастауыш сынып оқушылары қатысуымен Тұңғыш Президент күніне орай «Елін сүйген елі сүйген Елбасы» атты әдеби оқу өткізілді. Балалар слайд көрме арқылы Тұңғыш Елбасының өмірбаянымен, еңбек жолымен танысып, Елбасының тәуелсіздік жылдарында атқарған еңбектері мен еліміздің қол жеткен жетістіктері жөнінде мағлұмат алды.







