Көркем сөз зергері
№16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен №136 мектеп оқушылар арасында белгілі журналист-жазушы Айжарық Сәдібекұлының 80 жылдық мерейтойына байланысты «Көркем сөз зергері» атты әдеби саяхат өткізілді. Шара барысында журналистика саласында өзіндік қолтаңбасы бар қарымды қаламгер Айжарық Сәдібекұлының өмір жолдары мен шығармашылығы жайлы айтылды. Кітапхана оқырмандары Н. Қалижанқызы, А. Өткелбай, А. Берік, Ж. Төлегенова жазушының «Дарияның тұмасынан жыр боратқан», «Ашық мұхитқа шыққан алып», «Шұғыла шуағы», «Қараша үйдің келіні» атты кітаптарына әдеби саяхат жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды. Шара соңында оқырмандар кітап көрмесімен танысты.







