Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің
№17 кітапханада ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Кемеңгер Елбасы-ырысы елімнің» атты әдеби дайджест өткізілді. Елбасының қайраткерлігін өмірі мен қызметі жайлы мәлімет беретін «Ақыл-парасат кітабы», Қ. Сұлтановтың «Елбасы және қазақ мемлекеті», Н. Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар», «Елбасы сыныптастары», Ж. Шайқақовтың «Алтын діңгек», «Әлем Қазақстан туралы. Әлем Президент туралы» көп томдық шығармалары мен әдебиеттер бала-бақша қызметкерлеріне, почта саласының мамандарына, ауыл тұрғындары мен мектеп оқушыларына таныстырылып, насихатталды.







