Имандылық жарасады жастарға

       №16 қалалық кітапхананың ұйымдастыруымен Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжінде 2019 жыл – Жастар Жылына орай «Имандылық жарасады жастарға» атты кездесу кеші өткізілді. Кездесу кешінің қонақтары ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Жастар ісі» секторының үйлестірушісі Әбіл Серік, Мүсірәлі мешітінің бас имамы Ақбаев Әлішер, облыстық жастар орталығының маманы Сәдір Айдос жастарды имандылыққа, әдептілікке, білім алуға шақырып, жастардың ислам дініне, салт-дәстүрімізге байланысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына тұшымды жауаптар берумен қатар мағыналы әңгімелер айтты. Шара барысында студенттер дайындаған «Жақсылық қылсаң өзіңе» атты бейнероликтен гибратты әңгіме тыңдалды. «Ислам насихаты» атты кітап көрмесі жасалып адамгершілік, имандылық , ұлттық ой-сана, этнопедегогика тақырыбындағы әдебиеттерге библиографиялық шолу жасалды. 

14 наурыз 2019 ж. 1 006

Жаңа түсімдер

Мемлекеттік сатып алу

Бейнебаян

  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам