Елін сүйген Елбасы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай №4 кітапхана «Елін сүйген Елбасы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Көрмеге ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың өмірбаяны, балалық және жастық шақтары, сыныптастары, достары, қызметтестері, орасан мемлекеттік қайраткерлік еңбегінің қыр-сырлары жайлы жазылған А. Сәулебектің «Елбасының алтын бесігі», Р. Төлемісованың «Елбасы сыныптастары», М. Қасымбековтың «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы», «Тұлға туралы толғамдар», «Ақ тілектер ағыны», Н. Назарбаевтың «Жылдар мен ойлар», Елбасының шығармашылығынан қанатты сөздері мен ой-толғамдары жазылған бірнеше кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды.







